Бүгін Сейсенбінің сәтіне орай, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді,-деп хабарлайды QazBrand.info. ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күн тәртібінде:

• орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2018 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы.

• АХҚО қызметі.

• Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жай-күйі туралы ұлттық баяндама. 

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Facebook«Вконтакте»TwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, YouTube ресми арнасынан, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.