Мәскеуде 42 жасағы әйел ваннада селфи түсіріп, тоққа түсіп, қайтыс болды. Телефон қуаттағышқа қосылып тұрған.

Бұл туралы Лайф жазды, деп хабрлайды Stan.kz.

Оқиға 7 ақпанда кешкі мезгілде болған. Әйелдің қолы сабын болғандықтан қуатталып жатқан телефонды суға түсіріп алған.

Оның денесін ұлы тауып алған. Жігіт анасының бірнеше сағат бойы жуынатын бөлмеден шықпағандықтн алаңдай бастаған. Есікті бұзып кірген ұлы анасының ес-түссіз жатқанын және кеудесінде телефонды көрген. Дереу жедел жәрдем шақырған, алайда дәрігерлер әйел адамның қайтыс болғанын айтқан.

Бұдан бұрын, Мәскеу маңындағы ауылдардың бірінде жасөспірім қуатталып жатқан планшетті суға түсіріп алып, қайтыс болған. Осындай жағдай ақпанның басында Мәскеу облысындағы ауылдардың бірінде 12 жастағы қыз қайтыс болған еді.