Танымал журналист Өркен Кенжебек әртіс Бауыржан Ибрагимовті сынап тастады. Бауыржан Ибрагимовтың Ләйлә Сұлтанқызының «Эфир» бағдарламасында «кез-келген театр сахнасында оқылған Құран қабыл болады» деген сөзін сын астына алды.
«Өзіміздің өнер әлемінде (әлем деген де сол қу әсіре ғой) не боп жатыр екен деп Бауыржан Ибрагимовтың @sultankyzy-на сұхбатын көріп қалдым. Мына үзігінде Төреғалидің әлгі шуына байланысты пікір айтып отыр. «Сахна киесі бар. Оның құдыреттілігі соншалық, әртістеріміз мешітке бара алмай қалып жатса, любой театрдың сахнасына барып, табынып, басын иіп, Құранын оқып кетсе де қабыл болады» деп лағады. Лағудың да шегі бар шығар.»,-деді журналист.
Оқырмандар арасында да журналисттің пікіріне қосылғандар болды: