Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сұхбат берген әнші Айгүл Иманбаева жақында елді елең еткізетін бір жаңалық болып қалуы мүмкін екенін айтты.

Жеңіс Ысқақованың ұлының тойында журналистерге сұхбат берген әнші жалғыз болмады. Тілшінің «Жаныңыздағы ер адам кім?» деген сұрағына, ол інісі екенін айтты. Дегенмен әнші жуырда елді қуантатынын да жасырмады.

«Елең еткізетін жаңалық болып қалуы мүмкін, айтамын ғой. Сүйінші сұраймын»

-деді Айгүл Иманбаева.

Еске салсақ, Айгүл Иманбаева бұған дейін актер Сәбит Әбдіхалықовтың бірінші жары болған, олардың ортақ бір ұлдары бар.

Дереккөзnur.kz