Ақтөбеде дүркіреп өткен жерлестер форумына әлемнің 20 елінен 300-ден астам ақтөбелік келді. Алайда, Ақтөбеге жиі ат басын бұрын жүрген Ерке Есмахан бұл күндері біресе Оралда, біресе Шымкентте өнер көрсетті деп хабарлайды «Тілші» сайты.

Ақтөбеден шыққан танымал әнші Ерке Есмаханды жерлестері асыға күтті.Алайда, тыңдармандары сүйікті әншілерінің бір келіп, “ең болмағанда соңғы хит әнін орындап кеткенде жақсы болар еді” деген ойларын жасырмады.

Айта кету керек, Жерлестер форумынан санаулы күн бұрын Ақтөбедегі Студенттер сарайында Ерке Есмахан жас әнші Қуандық Рахыммен концерт беріп кеткен болатын.

https://www.instagram.com/p/BZiRukCHEnn/

Ырғыз ауданынан шыққан әншінің Instagram парақшасындағы жазбаларынан байқасаңыз, ол Шымкент қаласының күндерін тойлатып жүр.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде өткен жерлестер форумына Димаш Құдайберген Шанхайдағы үлкен жобаларды тастап жеткен болатын.

Ақтөбеліктер оны әуежайда 27 қыркүйекте күтсе де, ол 28 қыркүйекте келді. Онда да, Алматы әуежайында фанаттарымен суретке түсемін деп жүріп, бір рейстен кешігіп, келесісімен жетті.

Орталық стадионда өткен гала-концертте Жанар Айжанова, Венера Алпысбаева, Мирас пен Құралай Бекжановтар, Қанат пен Светлана Айтбаевтар, Нұрболат Абдуллин, Асхат Тарғын сынды сахна жұлдыздары өнер көрсетті.

Бөлісу