Жеңіл, ойнақы ырғақты әндерімен танымал болған отандық әнші Серік Ибрагимов жақында Мақпал Исабекованың репертуарындағы әнді «ерекше» орындап, тыңдармандарын таңғалдырды.

Instagram желісіндегі парақшасында қызықты видеосымен бөліскен әнші оқырмандарын күлкіге қарық қылған.

«Қалай күшті айтам ба? Егер мен емес деп ойласаңыздар, енді кім?», — деп сауал тастаған Серік.

Әншінің «жұмбағын»шешуге тырысқан тыңдармандары түрлі жауап нұсқаларын айтып, өзара пікір таластырды.

Желі қолданушыларының басым бөлігі видеоның ар жағында ән айтып отырған Ерке Есмахан екенін жарыса жазған.

Бұл туралы Еркенің өзі де парақшасында бөлісті.

«Серік Ибрагимовтің видеосын қарап көрсеңіздер: «дауыс-Ерке Есмаxандікі»,-деген жауап өте көп екен! Раxмет, менің дауысымды танығандарыңызға! Бұл менің дауысым! Сикоштай, тембріміз ұқсайды екен, негізі», — дейді «хит» әндердің орындаушысы.

https://www.instagram.com/p/BZqmNpYHFa7/?taken-at=241927793

jasqazaq.kz

Бөлісу