Хушбу есімді бойжеткен әкесінің заңсыз бизнесі туралы полиция қызметкерлеріне айтып берген. Осыдан кейін оны әкесі аямай ұрып, үстіне қышқыл құйып жіберген екен.

Бұл туралы anews.com басылымы хабарлайды.

Жуырда бойжеткен отадан кейінгі суреттерін желіге салды. Оның оқиғасы жүректі қарып өтеді: Туған әкесі соққының астына алып, үстіне қышқыл құйып жіберген. Ол мұны Хушбу әкесінің заңсыз бизнесі туралы полицияға айтып бергеннен кейін жасаған.

Алдымен дәрігерлер оны емдеуден бас тартқан. Тек Джордж патшаның клиникасындағы мамандар ота жасауға келіскен. Бойжеткен сол жерде 5 күн жатып емделген. Соның өзінде сол жақ көзі дұрыс көрмейді. Десе де, Хушбу емнің оң нәтижесі болатынына сенімді.

“Бастапқыда екі көзім мүлдем көрмеді. Ал оң қолым жансызданып қалды. Мен бірден жергілікті дәрігерлерге барған болатынмын. Олардың ешқайсысы маған көмектеспей қойды. Маған тек дәрілер жазып берді. Сол себепті, Лакхнауға баруға мәжбүр болдым. Қазір бір көзім кішкене көреді. Бірақ, мұрнымның бір желбезегімен дұрыс тыныстай алмаймын”, – дейді бойжеткен.

stan.kz

Бөлісу