Екінші дүниежүзілік соғыстың біз біле бермейтін қызықты деректері өте көп. Адамзатқа ауыр зардабын әкелген қан майданда миллиондаған адам опат болды, мыңдаған адамдар хабарсыз кетті. Әлі күнге дейін ата-бабасының бір дерегін білмей жүрген ұрпақ қаншама. Адамзат тарихында орасан зор шығын әкелген соғыстың мәлімсіз деректері де өте қызғылықты. Ал ол қандай мәліметтер?. Сонымен…

  1. Екінші дүниежүлік соғыста ең ауыр шығынға ұшыраған ел –Ресей, қанқұйлы майданда 21 миллион адам опат болды.
  2. Екінші дүниежүзіліқ соғыста немістің әрбір бесінші сарбазы Шығыс майданда қайтыс болды.
  3. 1923 жылы дүниеге келген кеңес жауынгерлерінің 80 пайызы Жеңіс салтанатын көре алмай, майданда көз жұмды.
  4. 1939-1945 жылдар аралығында одақтастар 3,4 миллион бомба тастады.
  5. Тарихшылардың айтуына қарағанда, Сталинград түбіндегі шайқас (1942-1943 ж) ең қанқұйлы соғыс болды, сонымен қатар, бұл шайқас екінші дүниежүзілік соғыстың  (800 000-1 600 000 адам қайтыс болды) бетбұрыс кезеңіне айналды.
  6. Неміс концлагерінде болған кеңес солдаттары бостандыққа шыққаннан кейін ауыр науқастан көп ұзамай қайтыс болды. Берген-бельзен лагеріндегі 1600 тұтқын азат етілгеннен кейін бір аптадан соң, ал Дахау түрмесінде болған 33000 мың сарбаздың 2600-і үш аптадан соң көз жұмды.
  7. Екінші дүниежүзілік соғыстағы ең ұзақ шайқас Атлантида үшін болды. Ол 1939 жылдан 1945 жылға дейін созылды.
  8. Ұлтшыл-социалистік партияның екінші атауы «Nasos» деген сөз болды. «Нацист» сөзінің түп-төркіні – баварлық, бұл ұғымды алғаш рет журналист Конрад Гейден пайдаланды.
  9. 1935 жылы британдық инженер Роберт Уотсон-Уатт радиотолқынның көмегі арқылы жаудың ұшақтарын жою үшін «Өлім сәулесі» құрылғысын пайдалануға тырысты. Бұл құрылғы кейін жетілдіріліп, радар мен радиолокацияға айналды.
  10. Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында теңіздегі суасты қайығында қызмет еткен 40 мың теңізшінің 1000 –ы ғана аман- есен туған ошағына оралды.
  11. Жапонияда атом бомбасынан аман қалған адамдарды «ниджи хибакуся» деп атайды. Бұл сөз «адамдар жасаған жарылыстан аман қалған» дегенді білдіреді.
  12. Қан майданда АҚШ Қарулы күштерінде 600 000 мың еврей қызмет етті. Олардың 35 мыңы жарақат алды, тұтқынға түсті, хабарсыз кетті. Ал 800 мыңы қайтыс болды. Олардың екеуі ғана «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
  13. Ұлы Отан соғысы кезінде америкалық әскерлер үшін Бельгияның оңтүстік батыс бөлігіндегі Арденн шайқасы ең ауыр және күрделі болды. Бұл майданда америкалықтардың 80 мың сарбазы оққа ұшты.
  14. Екінші дүниежүзілік соғыстың Ленинград блокадасы кезінде орыс жауынгерлері мен азаматтары көп шығынға ұшырады.
  15. Нацистер 12 миллион адамды айуандықпен өлтірді, Холокост кезінде қайтыс болғандардың басым бөлігі еврейлер болды.
  16. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жапондықтар АҚШ-қа қарай жарылғыш заттары бар қарапайым бомба салынған  9000 әуе шарларын ұшырды. 1000-нан астам әуе шары ғана Мичиган штатына жетті. Одан Орегон штатында қыдырыстап жүрген алты адам ғана қайтыс болды.
  17. Тұтқында болған кеңес жауынгерлері немістер тарапынан ауыр сынақты бастан кешірді. Нацист -дәрігерлер «адамның бас сүйегі қандай жарақат алуы мүмкін» деген зерттеу жүргізіп, тұтқындағылардың басын балғамен ұрды. «Атмосфералық қысым адам ағзасына қандай зардап әкеледі?»  деп, кеңес жауынгерлерін азаптады. Сарбаздардың бұлшық еттерін кесіп алып, басқа ағзаға салды. Концлагерьде болған тұтқындар адам айтқысыз ауыр азапты бастан кешірді.
  18. «Өлім періштесі» деген атқа ие болған Йозеф Менгель 3 мың егізге генетикалық эксперимент жүргізді. Олардың 200-і ғана тірі қалды. Жас балалардың көзінің түсін өзгерту үшін оларға әртүрлі операция жасады.
  19. Екінші дүниежүзілік соғыс 1945 жылдың 2 қыркүйек күні аяқталды. Бұл  күні Токио шығанағында АҚШ-тың «Миссури» кораблінде Жапония тізе бүккені туралы келісімге қол қойды.
  20. 1940 -1945 жылдары АҚШ-тың қорғаныс бюджеті  1,9 миллиардтан  59,8  миллиард долларға дейін өсті.
  21. 1941 жылы Кеңес Одағы еңбекшілерінің орташа айлық жалақысы 21 доллар болды, ал 1942 жылы 50 долларға көтерілді.
  22. Немістің суасты қайығы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жауларының 2000 кораблін жойды.
  23. Ұлы Отан соғысы уақытында америкалықтар  650 мың «Джип», 300 000 әскери ұшақ, 89 000 танк, 3 000 000 пулемет пен  7 000 000 винтовканы өндірістен шығарды.
  24. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде немістер бірінші рет реактивті истребительдерді пайдаланды, алайда олар өндірістен кеш шыққандықтан, соғыс барысына қандай да бір өзгерістер әкеле қойған жоқ.
  25. Ең ауыр және үлкен артиллериялық қондырғыны Ұлы Отан соғысы кезінде немістер ойлап тапты. Олар орыстарға қарсы қолданылды. Немістің бас конструкторы Карл Беккердің  есімімен аталған «Карл» пушкасының  2,5 тонналық снаряды 5 шақырымға дейін жетті. Қалыңдығы  2,5 -3 метр бетон қабырғаларды жермен- жексен ететін қондырғының диаметрі 24 сантиметр болды.
  26. Екінші дүниежүзілік соғыс Еуропаның екіге бөлінуіне әкеп соқты. Соғыс аяқталған соң Еуропа құрлығының шығыс бөлігіне Кеңес Одағы, батыс бөлігіне АҚШ әмірін жүргізді.
  27. Көптеген тарихшылар «екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаға соғыс ашуымен басталды» деген пікірімен келіседі. Ал екінші тарихшылар «1931 жылдың 18 қыркүйегінде Жапонияның Маньчжурияға баса көктеп кіруімен соғыс басталды» деген ойда. Ал үшінші тарихшылар болса, «1941-1945 жылғы майдан бірінші дүниежүзілік соғыстың жалғасы» деп есептейді.
  28. Берген-бельзен концлагерінің басшысы Йозеф Крамер (1906-1945) тұтқындағы мыңдаған адамдардың жан қиналысын көзбен көріп, сынақтан өткізген адам. Одан «сол кезде қандай сезімде болдыңыз?» деп сұрағанда, «ешқандай, мен тек қана бұйрықты орындадым» деп жауап берген. Кейіннен ол «адамзатқа қарсы жасаған қылмысы үшін өлім жазасына» кесілді.
  29. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ-тың №442 құрылық әскерлері полкі тек қана Америкада тұратын жапондықтардан құралды.  Еуропалық майдан даласында соғыста ең көп марапат алған да солар болып шықты.
  30. Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында еврейлердің көбісі Франция мешітін паналап, аман қалған. Мешіт имамы оларға қолдан жасалған «мұсылман баласы» деп  туу туралы  куәлік беріп отырған.
  31. Анатолий Новиковтың соғыс кезінде жиі шырқалған «Смуглянка» әні 1940 жылдары шыққан. Алайда бұл әуен 1944 жылға дейін орындалған жоқ. Мұның себебі неде? Ресми Мәскеудің бұл әнді айтуға тыйым салынғаны кейіннен ғана белгілі болды. Себеп, Молдовия территориясында соғыс уақытында партизан қозғалысы өрістеген жоқ. Соның салдарынан ән айтылмай келді. Тек 1974 жылы  атақты «Ұрысқа тек қана қарттар ғана түседі» фильмінен кейін ғана барып, бұл әннің екінші тынысы ашылды.
  32. 1940 жылы ағылшындар неміс танктеріне қарсы тұру үшін амал-тәсілдің неше түрін ойлап тапқан. Олар екінші қабатта немесе  ағаштың үстінде отырып, танктің үстіне секіріп шығатын болған. Бұл әдіс бойынша олар қолындағы балғамен танктің төбедегі люк есігін ұрғылауы керек. Жүріп келе жатқан неміс таңқалып,  төбедегі есікті ашқанда, ағылшын сарбазы ішіне граната лақтырып жіберуі тиіс. Адамның күлкісін келтіретін әрекет алайда соншалықты жемісті, нәтижелі болды деп айту қиын.
  33. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бейтарап саясат ұстанған ел Ирландия ғана болды. Ирландықтардың премьер-министрі  Гитлер қайтыс болғанда өз еліндегі неміс елшілігіне келіп, көңіл айтқан көрінеді.
  34. Соғыс кезінде кеңес жауынгерлерінің арасында Семен Гитлер деген пулемет ротасының жауынгері болған. Ол «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Бірақ марапат кезінде оны аты-жөні Семен Гитлев деп өзгертіліп жазылған көрінеді.
  35. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әскери техниканың  тапшылығына байланысты Кеңес Одағы тракторларды танк ретінде пайдаланған. Немістердің зәре құтын алу үшін трактордың сыртын танкке ұқсатып, жабдықтаған. Олар екінші қатарда, танктің соңында жүріп отырған. Сонымен қатар, Кеңес Одағы майдан даласында қалып кеткен немістің танктерін жөндеп, іске қосып отырған. Сөйтіп, жау техникасын өздеріне қарсы пайдаланған.

Міне екінші дүниежүзілік соғыстың біз біле бермейтін,  жұртшылыққа беймәлім тұстары көп. Қалай айтқанда, ауыр шығын әкелген сұм соғыстың зардабы үлкен болды.

Ендеше майданда опат болған ер де, ерлік істер де ұмытылмайды.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

“Айқын” газеті